Пән мұғаліміне арналған

Үш сағаттық ҚМЖ — енді екі минутта

Пәнді, сыныпты, тақырыпты жазыңыз — жасанды интеллект 2026–2027 оқу жылының үлгілік оқу бағдарламасына сай толық жоспарды дайын Word файлымен қайтарады.

Алғашқы 3 құжат тегін Карта тіркеудің қажеті жоқ Таза қазақ тілінде
ҚМЖ генераторы · демо
Оқу мақсаты анықталуда
Сабақ кезеңдері құрылуда
Дескрипторлар жазылуда
Word файлы дайындалуда
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
2 минБір ҚМЖ дайын болу уақыты
12Құжат түрі: ҚМЖ, ОМЖ, тест…
№130Министрдің бұйрығына сай құрылым
1–11Барлық сынып, барлық пән
Құралдар

Қағаз жұмысын түгел бір жерге жинадық

Әр құрал ҚР жаңартылған білім мазмұнының үлгісіне сай форматталған файл қайтарады — түзетусіз тапсыруға дайын.

ҚМЖ

Қысқа мерзімді жоспар: кезеңдер, саралау, бағалау, рефлексия — толық кестемен.

ОМЖ және ҰМЖ

Тоқсандық және жылдық жоспар — сағат бөлінісімен, бөлім-бөлімге таратылып.

БЖБ

Бөлім бойынша жиынтық бағалау: тапсырмалар, дескрипторлар, балл кестесі және жауап кілті — 5–11 сынып.

ТЖБ

Тоқсандық жиынтық бағалау: спецификация, деңгейлік тапсырмалар, бағалау кестесі — 5–11 сынып.

2026

Аралық бағалау

2–4 сыныпта ТЖБ орнына келген жаңа формат. Бөлім аяқталған соңғы тапсырмалар, ең жоғары балл автоматты есептеледі.

2026

ЖИ тапсырмалары

«Цифрлық сауаттылық және ЖИ», «Информатика және ЖИ» пәндеріне және кез келген сабаққа ЖИ-ді кіріктіру жаттығулары.

Тест

ҰБТ форматындағы сұрақтар, бірнеше нұсқа, автоматты жауап кілті.

Жаңа

Презентация

Сабаққа дайын .pptx — тақырып бойынша слайдтар, суреттер, сөйлеу мәтіні.

Интерактивті ойындар

Викторина, сәйкестендіру, кроссворд — сілтемемен, тақтадан бірден ашылады.

Ахмет БОТ

Кез келген әдістемелік сұраққа жауап береді. Тапсырманың суретін жіберсеңіз де түсінеді.

Кәсіби портфолио

Сабақтарыңыз бен нәтижелеріңізді жинақтап, авторлық материалдарыңызды рәсімдеп береді.

Эссе және мақала

Тәрбие сағаты, ата-аналар жиналысы, баяндама, «Адал азамат» бағдарламасына сценарий.

Әдістемелік нұсқау хат

2026–2027 оқу жылында не өзгерді

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының нұсқау хатын оқып шықтық. Платформа осы талаптарға бейімделді.

Мәліметтер нұсқау хаттың жоба нұсқасынан алынды. Түпкілікті құжат бекітілген соң деректер жаңартылады — бекітілген редакциямен салыстырып отырыңыз.

Бастауышта бағалау жүйесі толық ауысты

2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4-сыныпта тоқсандық жиынтық бағалау жеке жұмыс ретінде өткізілмейді. Педагог ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу мен тексеруден босатылады.

БұрынБЖБ + ТЖБ. Тоқсан соңында бөлек жиынтық жұмыс жазылып, тоқсандық баға соның нәтижесіне сүйенетін.
→
ЕндіФормативті + аралық бағалау. Тоқсандық баға осы екеуінің пайыздық орташа мәні ретінде шығады.

Бір аралық бағалау үшін берілетін ең жоғары балл:

122-сынып
143-сынып
164-сынып

Жаңа пәндер мен міндетті курстар

Үлгілік оқу бағдарламалары жетілдіріліп, оқу жоспарына жаңа пәндер енгізілді.

  • 1–4
    «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект»Алгоритмдік ойлау, ЖИ-мен жұмыстың бастапқы дағдылары
  • 5–9
    «Информатика және жасанды интеллект»ЖИ құралдарын саналы әрі қауіпсіз пайдалану
  • 10–11
    «Информатика және жасанды интеллект»ЖИ модельдерінің жұмыс қағидаттарын түсіну
  • 5–7
    «Конституция негіздері» курсыТарих және құқық негіздері мұғалімдері жүргізеді
  • 8–11
    «Заң мен Тәртіп» курсы
  • 5–11
    «Жеке қауіпсіздік» курсыПедагог-психолог тренинг форматында өткізеді
  • 9–11
    «Құқық негіздері» пәні
  • 10–11
    «Бастапқы әскери даярлық» пәні
  • 1
    Қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптарға бейімдеу бағдарламасы

ЖИ енді заңды құрал

Мұғалімнің жасанды интеллектіні сабаққа қолдануы нормативтік негізге ие болды.

Нұсқау хат ЖИ көмегімен жасалған материалдың дұрыстығын, сенімділігін және оқу бағдарламасына сәйкестігін міндетті түрде тексеруді талап етеді. Сондықтан платформа әр құжатты мұғалім өңдей алатын күйде береді.

Тегін · тіркелудің қажеті жоқ

Бастауыш сыныпқа бағалау калькуляторы

2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4-сыныпта ТЖБ өткізілмейді. Тоқсандық баға формативті және аралық бағалау нәтижесінен шығады. Балдарды енгізіңіз — калькулятор пайызын да, бағаны да өзі есептейді.

Q = (F + P) ÷ 2
Калькуляторды ашу
Үш қадам

Тіркелуден дайын файлға дейін

01

Телефон нөміріңізбен кіріңіз

Растау коды SMS-пен келеді. Құпия сөз ойлап табудың қажеті жоқ.

02

Пән мен тақырыпты жазыңыз

Оқу мақсатының кодын білсеңіз — қосыңыз. Білмесеңіз, жүйе бағдарламадан өзі табады.

03

Word файлын жүктеп алыңыз

Форматталған күйде келеді. Керек жерін өзгертіп, тікелей әдіскерге тапсыра беріңіз.

Мұғалімдер айтады

Жексенбіде жоспар жазу тоқтады

★★★★★
Бұрын бір апталық ҚМЖ-ға жексенбімнің жарты күні кететін. Қазір сабақтан кейін жарты сағатта бітіремін. Балаларға дайындалуға уақыт қалды.
А
Айгүл Т.Қазақ тілі мен әдебиеті, 14 жыл өтіл
★★★★★
БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын бағалау критерийлерімен бірге жасап беруі — ең ұтымды тұсы. Дескрипторлары дайын, тек сыныбыма қарай бейімдеймін.
Д
Дәмеш Қ.Қазақ тілі мен әдебиеті, №12 мектеп-лицей

Бүгінгі сабаққа жоспар керек пе?

Тіркеліп, алғашқы үш құжатты тегін жасап көріңіз. Ұнамаса — ешқандай міндеттеме жоқ.

Тегін бастау Мектепке ұсыныс сұрау
Карта тіркелмейді · Кез келген уақытта тоқтатасыз